Қазақстан Өзбекстанды жеңіп, Азия чемпионатының финалына шықты (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
06.04.2026, 16:06

Ұлан-Батырда бокстан Азия чемпионаты аясында Қазақстан мен Өзбекстан арасында тағы бір тартысты кездесу өтті.

olympic.kz

Күмәнсіз жеңіс

Әйелдер арасындағы 80 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Қазақстан намысын қорғаған Дина Исламбекова өзбекстандық Олтина Сотимбоеваға қарсы шықты. Бұл жекпе-жекте финал жолдамасы сарапқа салынды.

Жекпе-жекте қос боксшы сақ қимылдап, клинч пен ұстасулар жиі байқалды. Соған қарамастан қазақстандық боксшы рингтегі басымдығын көрсетіп, төрешілердің бір ауыздан қабылдаған шешімімен (5:0) жеңіске жетті.

Осылайша Дина Исламбекова Азия чемпионатының финалына шығып, алтын медаль үшін қолғап түйістіреді. 

World Boxing ұйымдастырған тарихи турнир

Айта кетейік, ересектер арасындағы Азия чемпионаты Моңғолияда алғаш рет World Boxing ұйымының бастамасымен ұйымдастырылып отыр. Қазақстан құрамасы бұл додаға бастапқыда 20 боксшымен қатысқан болатын. Оның ішінде 10 ер спортшы және 10 әйел боксшы бар.

Реклама
Реклама