Қазақстандық азулы үнді боксшысын тізе бүктірді (ВИДЕО)
Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда World Boxing ұйымдастырған Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының өкілдері жартылай финалдық кезеңде өнер көрсетуді жалғастырып жатыр.
Финал жолдамасы сарапқа салынды
Надежда Рябец 80 келіге дейінгі салмақта үндістандық тәжірибелі қарсыласы Пуджа Ранимен қолғап түйістірді. Бұл боксшы — Азияның екі дүркін чемпионы әрі 2025 жылғы World Boxing әлем чемпионатының қола жүлдегері.
Тартысты өткен кездесуде қазақстандық боксшы сенімді мінез танытып, төрешілердің аралас шешімімен (3:1) жеңіске жетті. Осы нәтижеден кейін Пуджа Рани жарысты қола медальмен аяқтаса, Надежда Рябец финалда алтын жүлде үшін айқасатын болды.
Азия чемпионаты қашан аяқталады?
Ұлан-Батырдағы құрлық біріншілігі 10 сәуірде мәресіне жетеді. Биылғы додаға 20-дан астам елдің былғары қолғап шебері қатысып жатыр.
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.