Төрехан Сабырхан Азия чемпионатының финалына нокаутпен шықты (ВИДЕО)
Қазақстан құрамасының боксшысы Төрехан Сабырхан Ұлан-Батырдағы Азия чемпионатының шешуші кезеңіне жолдама алды.
Мерзімінен бұрын жеңіс
70 келіге дейінгі салмақта бокстасқан отандасымыз финалға берілетін жолдама үшін қытайлық Ван Пэйчэнмен қолғап түйістірді.
Төрехан жекпе-жекте айқын басымдық танытты. Екінші раундта қарсыласын екі мәрте тұрып нокдаунға жіберіп, нәтижесінде төреші кездесуді мерзімінен бұрын тоқтатты.
Осылайша Төрехан Сабырхан Азия чемпионатының финалына шықты және енді алтын медаль үшін айқасады. Ал қытайлық Ван Пэйчэн турнирді қола жүлдемен аяқтады.
Сабырханның ірі жетістігі еске түсті
Айта кетейік, былтыр Төрехан Сабырхан Ливерпульдегі World Boxing ұйымының ересектер арасындағы алғашқы әлем чемпионатында топ жарды. Бұл жолы да қазақстандық боксшы құрлықтық додада чемпиондық атаққа бір табан жақындады.
Ұлан-Батырдағы Азия чемпионаты-2026 финалдық жекпе-жектері 9 және 10 сәуірде өтеді.