Нокаут пен күтпеген жеңіліс: Қазақстан Азия чемпионаты жартылай финалының алғашқы күнін қалай өткізді?

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстан құрамасы жартылай финалдың алғашқы күнінде жеті жекпе-жек өткізді. 

Нокаут пен күтпеген жеңіліс: Қазақстан Азия чемпионаты жартылай финалының алғашқы күнін қалай өткізді?
Instagram/@boxingkazakhstan

Махмұд Сабырхан күтпеген жерден жеңілді

Күннің ең басты тосын нәтижелерінің бірі — Қазақстанның атақты боксшысы Махмұд Сабырханның жеңілісі болды. 2024 жылғы Азия чемпионы және екі дүркін әлем чемпионы моңғолиялық Хархуу Билгуунсайханнан айқын есеппен ұтылды — 0:5.

Бұл нәтиже жарыстың басты сенсацияларының бірі ретінде бағалануда.

Төрехан Сабырхан қарсыласын нокаутқа жіберді

Ал Махмұдтың інісі Төрехан жанкүйерлерді қуантты. Ол 70 келіге дейінгі салмақта қытайлық Ван Пэйчэнге қарсы жұдырықтасып, мерзімінен бұрын жеңді. 

Екінші раундта қазақстандық былғары қолғап шебері қарсыласын екі рет тұрып нокдаунға жіберіп, төрешіні кездесуді тоқтатуға мәжбүр етті. Осылайша Төрехан Сабырхан Азия чемпионатының финалына шықты.

Қазақстан құрамасының 6 сәуір күнгі нәтижелері

Әйелдер, 70 кг:

  • Бақыт Сейдіш — Альмира Абдураим (Қытай) 5:0

Әйелдер, 75 кг:

  • Валентина Хальзова — Бао Цзыи (Қытай) 1:3

Ерлер, 55 кг:

  • Махмұд Сабырхан — Хархуу Билгуунсайхан (Моңғолия) 0:5

Әйелдер, 80 кг:

  • Надежда Рябец — Пуджа Рани (Үндістан) 3:1

Әйелдер, 80 келіден жоғары:

  • Дина Исламбекова — Олтиной Сотимбоева (Өзбекстан) 5:0

Ерлер, 65 кг:

  • Ертуған Зейнуллинов — Бунджонг Синсири (Таиланд) 2:3

Ерлер, 70 кг:

  • Төрехан Сабырхан — Ван Пэйчэн (Қытай)

Төреші жекпе-жекті екінші раундта тоқтатты, жеңіс — Сабырханда

Келесі жарыс күні қашан өтеді?

Азия чемпионатының жартылай финалдағы екінші жарыс күні 7 сәуірде өтеді. Ал финалдық кездесулер 9 және 10 сәуірге жоспарланған.

Еске салсақ, Қазақстан құрамасы бұл құрлық біріншілігіне бастапқыда 20 боксшымен келген болатын. Оның ішінде 10 ер спортшы және 10 әйел боксшы болды.