Нұрбек Оралбай Азия чемпионы атанды

Сарапшы, спорт журналисі
10.04.2026, 12:20

Қазақстандық боксшы финалда өзбекстандық қарсыласын айқын басымдықпен жеңді.

Vesti.kz

Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан бокстан Азия чемпионаты-2026 турнирінде Қазақстан құрамасының боксшысы Нұрбек Оралбай алтын медаль жеңіп алды.

85 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Нұрбек Оралбай шешуші жекпе-жекте Өзбекстан өкілі Жасурбек Юлдошевпен кездесті. 

Қазақстандық боксшы айқас бойы басымдық танытып, қарсыласына еш мүмкіндік қалдырмады. Жекпе-жек 5:0 есебімен аяқталды. 

Оралбайдың жетістіктері

Айта кетейік, Нұрбек Оралбай Әлем чемпионы (2023, Ташкент), Олимпиада күміс жүлдегері (2024, Париж).

Реклама
Реклама