Өзбекстан артта қалды. Қазақстан Азия чемпионатында топ жарды
10.04.2026, 13:59
Ұлан-Батырдағы турнирде боксшыларымыз 13 медаль жеңіп алды.
olympic.kz
Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өткен бокстан Азия чемпионаты-2026 турнирі аяқталды. Нәтижесінде Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық медаль есебінде бірінші орынды иеленді.
13 медаль: Қазақстанның толық нәтижесі
Қазақстандық боксшылар құрлық додасында барлығы 13 медаль жеңіп алды:
- 6 алтын
- 2 күміс
- 5 қола
Яғни ерлер құрамасы 8 медаль, әйелдер құрамасы 5 медаль иеленді.
Медальдық есепте Қазақстаннан кейінгі орындарды:
- Үндістан — 5 алтын, 3 күміс, 8 қола
- Өзбекстан — 3 алтын, 4 күміс, 4 қола
Толық кесте
Азия чемпионаты-2026 қорытындысы бойынша үздік елдер:
- Қазақстан — 6-2-5
- Үндістан — 5-3-8
- Өзбекстан — 3-4-4
- Қытай — 2-1-5
- Жапония — 1-1-2
- Қытай Тайбэйі — 1-1-2
- Таиланд — 1-1-2
- Иордания — 1-1-1
- КХДР — 0-3-0
- Моңғолия — 0-2-3
- Тәжікстан — 0-1-2
- Оңтүстік Корея — 0-0-1
- Түрікменстан — 0-0-1
- Филиппин — 0-0-1
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама