ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 21-тур

Айбек Оралбай "қазақ дербиінде" жеңіске жетті (ВИДЕО)

Соның арқасында Қазақстан құрамасының капитаны Азия чемпионы атанды. 

Айбек Оралбай "қазақ дербиінде" жеңіске жетті (ВИДЕО)
NUR.KZ

Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өткен бокстан Азия чемпионаты-2026 турнирінде Қазақстан құрамасының капитаны Айбек Оралбай алтын медаль жеңіп алды.

+90 келі салмақ дәрежесінде өткен финал ерекше тартысқа толы болды. Шешуші жекпе-жекте Айбек Оралбай (Қазақстан) Данабек Байқонысқа (Қытай) қарсы шықты. 

Жекпе-жек барысы:

  • 1-раунд — Данабек Байконыс басым болды
  • 2-раунд — Айбек Оралбай қарымта қайтарды
  • 3-раунд — Оралбай қарсыласын нокдаунға түсірді

Қорытындысында төрешілер бірауыздан жеңісті Айбек Оралбайға берді.

Тәжірибелі чемпионның камбэгі

Айбек Оралбай — Қазақстан боксының көшбасшыларының бірі:

  • Азия чемпионы (2022, 2024)
  • World Boxing тұңғыш әлем чемпионы (2025)
Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.