Бекзат Алмаханның UFC-де жеңіске жету мүмкіндігіне баға берілді

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 09:19

Отандасымыз маусымның 27-сі күні Әзербайжан астанасында октагонға шығады. 

pin-upsport.kz

ММА сарапшысы, "Вестник ММА" жобасының жетекшісі Михаил Крамер қазақстандық файтер Бекзат Алмаханның алдағы жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, бұл кездесу спортшының UFC-дегі болашағын анықтауы мүмкін. Бұл туралы sports24.kz хабарлады. 

27 маусым күні Бекзат Алмахан UFC Fight Night турнирі аясында Әзербайжанның Баку қаласында бразилиялық Жан Мацумотомен кездеседі. Бұл жекпе-жек – қазақстандық файтердің қазіргі келісімшарты бойынша соңғы айқасы.

"Бұл жекпе-жектен кейін UFC басшылығы Алмаханмен келісімшартты ұзарту немесе тоқтату туралы шешім қабылдайды", – дейді сарапшы.

Крамердің пікірінше, егер Алмахан жеңілсе, оның UFC-дегі көрсеткіші 1:3 болады. Мұндай статистика промоушен үшін маңызды факторлардың бірі.

Десе де, қарсылас Жан Мацумото өте тәжірибелі:

  • UFC-дегі рекорды – 3:2
  • Алмаханнан екі жас кіші
  • Грэпплингке бейім әмбебап файтер

Алмаханның артықшылығы

Сарапшы қазақстандық спортшының басты күші – соққы жасау техникасы екенін атап өтті.

"Алмахан – жылдам әрі ауыр соққылары бар файтер. Егер ол бірінші нөмірмен жұмыс істеп, өз қарқынын көрсетсе, жеңіске жету мүмкіндігі жоғары", – деді Крамер.

Оның айтуынша, басты міндет – қарсыластың күрес жүргізуіне жол бермеу.

Крамер Алмаханның әлсіз жағын да атап өтті. Бұған дейінгі жекпе-жектерде ол қысымға төтеп бере алмай, концентрациясын жоғалтып алған сәттер болған.

"Егер жоспардан ауытқып, соққылар өткізіп алса, бұл жеңіліске әкелуі мүмкін", – дейді сарапшы.

Ал Мацумото үшін негізгі тактика – күрес пен партерге көшіру.

Реклама
Реклама