Қазақстандық бұрымды АЧ ширек финалына өтті
Қытайдың Ордос қаласында дзюдодан Азия чемпионатының екінші жарыс күні өтіп жатыр.
vestnik19.kz
Бүгін ұлттық құрама сапынан татамиге алғаш болып жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Дана Әбдірова мен Бангкокта өткен Азия чемпионатының қола жүлдегері Бақыт Құсақбаева шықты. Олар 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетуде.
Ширек финалға жолдама үшін өткен белдесуде Дана Қырғызстан өкілі Бегай Бейшеналы қызын жеңді. Ал Бақыт Жапония спортшысы Мина Комиямеге есе жіберді.
Келесі болып Қазақстан құрамасынан 73 келіге дейінгі салмақта Есет Қуанов Қытай спортшысы Линь Гаохуэймен белдеседі.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet