Қазақстан боксшылары IBA-дан сыйақыларын ала алмай жүр

Сарапшы, спорт журналисі

Аталған ұйым тарапынан 300 мың доллар көлеміндегі жүлдесі қашан төленетіні белгісіз. 

Қазақстан боксшылары IBA-дан сыйақыларын ала алмай жүр
Baq-orda.kz

Қазақстан ұлттық құрамасының боксшылары 2025 жылғы әлем чемпионатындағы жеңістері үшін Халықаралық бокс қауымдастығынан (IBA) уәде етілген сыйақыны әлі алмаған. Бұл туралы Азия чемпионы Оразбек Асылқұлов Спорт министрі youtube-арнасына берген сұхбатында айтты.

Сыйақы мәселесі созылып кетті

Оразбек Асылқұловтың айтуынша, Дубайда өткен әлем чемпионатындағы жеңіс үшін қарастырылған қаржы сәуір айында беріледі деп айтылғанымен, әлі күнге дейін төленбеген.

"Сәуірде түседі деген, бірақ әлі алған жоқпыз", – деді спортшы.

Айта кетейік, IBA тарапынан әлем чемпионына 300 мың доллар көлемінде сыйақы беріледі деген ақпарат тараған болатын.

Оразбек Асылқұлов 2025 жылғы әлем чемпионатында (Дубай, БАӘ) 57 келіге дейінгі салмақта алтын медаль жеңіп алды. Финалда ол тәжікстандық Хусравхон Рахимовты төрешілердің бірауызды шешімімен жеңді.

Сондай-ақ, 2026 жылдың 10 сәуірінде ол Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өткен Азия чемпионатында да топ жарып, Қазақстанға соңғы 13 жылдағы 60 кг салмақтағы алғашқы "алтынды" сыйлады.

Қазақстан құрамасының нәтижесі

Аталған әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы бірнеше медаль еншіледі:

  • Сәкен Бибосынов – алтын (54 кг)
  • Абылайхан Жүсіпов – алтын (71 кг)
  • Сабыржан Аққалықов – күміс (75 кг)
  • Теміртас Жүсіпов – қола (48 кг)
  • Ертұған Зейнұллинов – қола (63,5 кг)