Этникалық қазақ АҚШ-тағы айқасын нокаутпен аяқтады (ВИДЕО)

Бокс шолушысы
Бүгін, 14:50

Руслан Абдуллаев АҚШ-та кубалық боксшы Орестес Веласкесті жеңді. 

Vesti.kz

Бұл нәтиже Руслан Абдуллаев үшін кәсіпқой мансабындағы бесінші жеңіс болды. Енді оның рекорды — 5 жеңіс, 0 жеңіліс. Оның ішінде үш жеңісін мерзімінен бұрын аяқтаған.

Ал кубалық Орестес Веласкес кәсіпқой рингтегі екінші жеңілісіне ұшырады. Ол бұған дейін сегіз жеңісіне жетіп, оның жетеуін нокаутпен аяқтаған қауіпті қарсылас саналған еді.

Әуесқой бокстағы жетістіктері

Айта кетейік, Руслан Абдуллаев кәсіпқой боксқа дейін Өзбекстан құрамасы сапында әуесқой деңгейде табысты өнер көрсетті. Ол 2022 жылы Азия чемпионы атанса, 2023 жылы әлем чемпионатында топ жарды.

Реклама
Реклама