Санжар Тәшкенбай Азия чемпионын тізе бүктіріп, Қазақстанға алтын сыйлады (ВИДЕО)

Жекпе-жек шолушысы
21.06.2026, 15:58

Қазақстандық боксшы Қытайдың Гуйян қаласында World Boxing Әлем кубогы кезеңінде алтын медаль жеңіп алды.

Instagram/@boxingkazakhstan

Финалда өзбек боксшысынан басым түсті

50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай Өзбекстан өкілі, Азия чемпионы Асылбек Жалиловпен жұдырықтасты.

Тартысты өткен жекпе-жекте қазақ боксшысы қарсыласынан айласын асырып, төрешілер шешімімен жеңіске жетті. Кездесу қорытындысы бойынша есеп 3:2 болды. 

Бұған дейін де Жалиловты жеңген

Айта кетейік, Санжар Тәшкенбай бұл қарсыласымен бұған дейін де кездескен. Асылбек Жалиловты 2022 жылғы Азия чемпионатында және 2024 жылы өткен "Странджа кубогында" жеңген. 

Осылайша Тәшкенбай өзбекстандық қарсыласынан үшінші мәрте басым түсіп, Қазақстан құрамасына Әлем кубогы кезеңінде кезекті алтын медаль сыйлады.

Төртінші алтын

Санжар Тәшкенбайдың жеңісі Қазақстан құрамасы үшін Қытайдағы Әлем кубогы кезеңіндегі төртінші алтын жүлде болды.

Бұған дейін таңғы бағдарламада Қазақстан боксшылары үш алтын медаль еншілеген. Жеңіс тұғырына Назым Қызайбай 54 келіде, Виктория Графеева 60 келіде және Абылайхан Жүсіпов 70 келіде көтерілді.

Сондай-ақ Қазақстан құрамасының бірнеше өкілі жарысты қола медальмен аяқтады. Олардың қатарында 65 келіге дейінгі салмақта Аида Әбікеева, 80 келіге дейінгі салмақта Валерия Аксенова және 80 келіден жоғары салмақта Дина Исламбекова бар.

Реклама
Реклама