Қазақстандық балуандар Азия чемпионатында екі қола медаль жеңіп алды (ВИДЕО)

Спорт шолушысы
Бүгін, 17:48

Таиландтың Паттайя қаласында әйелдер күресінен 20 жасқа дейінгі Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржыны тағы екі медальмен толықты.

mtrk.kz

Анна Стратан қарсыласын ойсырата жеңді

Қазақстандық балуан Анна Стратан U20 Азия чемпионатында 57 келіге дейінгі салмақта қола медаль иеленді.

Стратан үшінші орын үшін өткен белдесуде Қытай Тайбэйінің өкілі Ю Ченмен кездесті. Қазақстандық балуан қарсыласына еш мүмкіндік бермей, 11:0 есебімен сенімді жеңіске жетті.

Анна Стратан ширек финалда үндістандық Мания Ражпутқа 4:8 есебімен есе жіберген. Бірақ Ражпуттың финалға шығуы қазақстандық балуанға жұбаныш белдесуіне қатысуға мүмкіндік берді.

Стратан бұл мүмкіндікті толық пайдаланды. Жұбаныш кезеңінде ол иорданиялық Майя Кватайшаттан 10:0 есебімен басым түсіп, қола медаль үшін күресуге жолдама алды.

Динара Дауылқызы да Азия чемпионатының жүлдегері атанды

Қазақстан құрамасының тағы бір өкілі Динара Дауылқызы 53 келіге дейінгі салмақта қола медаль жеңіп алды.

Ол да үшінші орын үшін өткен белдесуде Қытай Тайбэйінің балуаны Вэй Ченге қарсы шықты. Тартысты өткен кездесуде қазақ қызы 8:4 есебімен жеңіске жетіп, Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Реклама
Реклама