ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 22-тур

Бокстан Қазақстанның үш бірдей әлем чемпионы АҚШ-қа келді (ВИДЕО)

Назым Қызайбай, Алуа Балқыбекова және Аида Әбікеева АҚШ-қа жетті.

Бокстан Қазақстанның үш бірдей әлем чемпионы АҚШ-қа келді (ВИДЕО)
instagram/@abikeevaaida

Боксшылар Лос-Анджелеске ұшып барды

Бұл туралы Америка Құрама Штаттарында тұратын қазақстандық блогер Айдана Тұрсын әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. Ол Instagram сторисінде Лос-Анджелес әуежайына қонған ұшақтың видеосын жариялап, қазақстандық боксшыларды қарсы алғанын жазды.

"Менің қыздарым келді. Алуа Балқыбекова, Назым Қызайбай, Аида Әбікеева, қош келдіңіздер!" — деп жазды Айдана Тұрсын.

АҚШ-тағы жиын Азиадаға дайындықтың бір бөлігі

Бұған дейін Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері Елдос Сайдалин команда 2026 жылы Жапонияда өтетін Азия ойындарына дайындық аясында АҚШ-та бір айлық халықаралық оқу-жаттығу жиынын өткізетінін айтқан. 

Бірақ соңғы уақытқа дейін Америкаға аттанатын құрам нақты жарияланбаған. Енді Лос-Анджелеске барған боксшылардың қатарында ұлттық құраманың ең тәжірибелі әрі титулды боксшылары бар екені белгілі болды.

Айта кетейік, Лос-Анджелесте белгілі америкалық маман Кристофер Камачо жұмыс істейді. Ол бауыры Дарио Камачомен бірге бұған дейін Қазақстан бокс құрамаларын маңызды халықаралық жарыстарға дайындауға атсалысқан.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.