Қазақстан Өзбекстанды камбэкпен жеңді (ВИДЕО)

Футбол шолушысы
07.07.2026, 17:07

Қазақстандық боксшы Ақжүрек Қалабай Джакартада жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегін жеңіспен бастады.

Instagram/@boxingkazakhstan

Қалабай мықтылық танытты

Индонезия астанасы Джакартада бокстан U-19 және U-23 жас санаттары бойынша Азия чемпионаты жалғасып жатыр. Қазақстан құрамасының өкілі Ақжүрек Қалабай U-19 турнирінің 65 келіге дейінгі салмағында рингке шықты.

Қазақстандық боксшы 1/8 финалда өзбекстандық Иброхим Шокиржоновпен кездесті. Жекпе-жек тартысты басталып, алғашқы раундта төрешілер басымдықты өзбекстандыққа берді.

Жекпе-жек барысын өзгертті

Бірінші раундтан кейін Ақжүрек Қалабай тактикасын өзгертіп, қарсыласына қысымды күшейтті. Қазақстандық боксшы екінші және үшінші раундтарда белсенді қимылдап, дәл соққыларымен көзге түсті.

Нәтижесінде Қалабай кездесуді өз пайдасына бұрып, төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіске жетті.

Бокстан 19 жасқа дейінгі және 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионаты Джакартада 16 шілдеге дейін жалғасады.

Бұл жарыста Қазақстан атынан ерлер мен әйелдер арасындағы екі жас санатында жалпы 39 боксшы бақ сынап жатыр. Турнирге барлығы 26 елден 400-ден астам боксшы қатысуда.

Реклама
Реклама