Джиу-джитсу шеберлері әлем чемпионатында 21 медаль иемденді
Қазақстан құрамасы Біріккен Араб Әмірліктерінде джиу-джитсудан әлем чемпионатында өнер көрсетті.
Әлем чемпионатына 37 ел қатысты
Джиу-джитсудан әлем чемпионаты Абу-Дабиде өтті. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, жарыс бір аптаға созылған.
Додаға 37 мемлекеттен 1200-ден астам балуан қатысып, Fighting, Duo, Show және Jiu-Jitsu No-Gi секілді бірнеше дисциплина бойынша жүлделе сарапқа салынды. Қазақстан атынан барлық өңірден 194 балуан әлемдік додада бақ сынады.
Қазақстанның үш алтыны
Ересектер арасындағы жарыстың қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының қоржынына 3 алтын, 3 күміс және 15 қола медаль түсті. Нәтижесінде ұлттық команда жалпыкомандалық есепте төртінші сатыға тұрақтады.
Алтын медаль иегерлері:
- Болатбек Сейілхан — неваза, 77 келіге дейін;
- Мерей Қабдуллаев — неваза, 85 келіге дейін;
- Жәнібек Әбу-Бәкір — файтинг, 69 келі.
Күміс медаль иегерлері:
- Ажар Салықова — неваза, 70 келіге дейін;
- Данагүл Талғатқызы — неваза, 70 келіден жоғары;
- Әйгерім Төрегожина — файтинг, 48 келі.
Қола медаль иегерлері:
- Жібек Құлымбетова — неваза, 48 келіге дейін;
- Марианна Журавлёва — неваза, 70 келіге дейін;
- Абдулла Батырбек — неваза, 62 келі;
- Адлан Мадаев — неваза, 77 келі;
- Анна Стрельцова — неваза, 57 келі;
- Бекзат Қазтаев — неваза, 56 келі;
- Әли Батырбек — неваза, 56 келі;
- Мақсат Төленді — неваза, 94 келі;
- Ыдырыс Әлиев — неваза, 85 келі;
- Жұлдыз Бауыржанқызы — файтинг, 45 келі;
- Самат Сәрсенұлы — файтинг, 62 келі;
- Асылан Қанатбек — файтинг, 62 келіге дейін;
- Бекзат Баймұратов — файтинг, 77 келіге дейін;
- Шерхан Жақсылық — файтинг, 85 келіге дейін;
- Қуандық Есенеев — файтинг, 94 келіге дейін.
Әлем чемпионатында медаль саны мен алтын жүлделер көрсеткіші бойынша алғашқы төрттік төмендегідей орналасты:
1. Ресей — 10 алтын, 7 күміс, 17 қола;
2. БАӘ — 6 алтын, 6 күміс, 2 қола;
3. Италия — 5 алтын, 4 күміс, 4 қола;
4. Қазақстан — 3 алтын, 3 күміс, 15 қола.