Жарнама
Жарнама

Братиславада Қазақстан туы көкке көтерілді (ВИДЕО)

Грек-рим күресінің өкілі Қазыбек Қалмағамбетов 20 жасқа дейінгі балуандар арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.

Братиславада Қазақстан туы көкке көтерілді (ВИДЕО)
olympic.kz

Финалға дейін қалай жетті?

20 жасқа дейінгі балуандар арасындағы әлем біріншілігі 16-23 тамыз аралығында Братиславада (Словакия) өтіп жатыр.

67 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Қазыбек Қалмағамбетов турнир барысында бірнеше мықты қарсыласты жарыс жолынан шығарды. Алғашқы белдесуінде германиялық Себастьян Вагнерді 9:0 есебімен айқын басымдықпен жеңді. Келесі кезеңде америкалық Брайан Нутерден басым түсті.

Қалмағамбетов ширек финалда мысырлық Мохамед Абдельрехимді 4:1 есебімен жеңіп, жүлде үшін күресті жалғастырды.

Жартылай финалдағы тартысты жеңіс

Финалға шығар жолда Ақтөбе облысының өкілі венгриялық балуан Петро Житовозбен белдесті. Тартысты өткен кездесуде Қалмағамбетов қарсыласынан 7:5 есебімен басым түсіп, әлем чемпионатының финалына жолдама алды.

Алтын медаль үшін өткен шешуші белдесуде Қазыбек Қалмағамбетов Беларусь намысын қорғаған Михаил Марковскиймен кездесті. Нәтижелі әрі тартысты өткен финалда қазақ боз кілем шебері қарсыласын 13:7 есебімен жеңіп, 20 жасқа дейінгі балуандар арасындағы әлем чемпионы атанды.

Жарнама
Жарнама