ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 23-тур

"Бұл - бокс үшін масқара" : Хамза Шираз Әлімханұлына байланысты WBO шешімін сынады

WBO бойынша екінші орта салмақта әлем чемпионы Хамза Шираз қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлын өзінің титулына міндетті үміткер етіп бекіту туралы шешімге қарсылық білдірді.

"Бұл - бокс үшін масқара" : Хамза Шираз Әлімханұлына байланысты WBO шешімін сынады
instagram/hamzahsheeraz

Британдық боксшының наразылығына қазақстандық спортшыға қатысты допинг дауы мен оның жаңа салмақта бірден міндетті қарсылас атануы себеп болды. Шираздың пікірінше, WBO-ның бұл шешімі кәсіби боксқа кері әсерін тигізуі мүмкін.

“Шынымды айтсам, мұның бәрі әзіл сияқты көрінеді. WBO-ның әрекеті - бүкіл бокс үшін масқара. Оң нәтиже көрсеткен спортшыны жауапкершілікке тартудың орнына, оған мүмкіндік беріп отыр. Мұның ешқандай логикасын түсінбеймін. Оның үстіне, дисквалификация мәселесі толық аяқталмай жатып, оны үміткер етіп бекітті”, – деді Шираз журналист Ариэль Хельваниге берген сұхбатында.

“Жаңа салмақта бірден үміткер атанды”

Хамза Шираз Жәнібек Әлімханұлының бұған дейін екінші орта салмақта жекпе-жек өткізбегеніне де назар аударды.

“Оны бұрын мүлде өнер көрсетпеген жаңа салмақта үміткер етіп тағайындап отыр. Бұл жағдайға жауапты – санкция беретін ұйымның өзі. Бокста спортшылар өз өмірлерін қатерге тігеді. Мен әділ спорт қағидаларын әрдайым құрметтеп келдім. Сондықтан бұл жекпе-жекке келісу менің ұстанымдарыма қайшы келуі мүмкін. Енді командамызбен бірге әрі қарай не істейтінімізді шешуіміз керек”, – деп мәлімдеді WBO чемпионы.

Бұған дейін Дүниежүзілік бокс ұйымы Жәнібек Әлімханұлының мельдонийге байланысты оң нәтиже көрсеткен допинг сынамасына қатысты дисквалификация мерзімін қысқартып, оны екінші орта салмақта Хамза Шираздың чемпиондық белбеуіне міндетті үміткер ретінде бекіткен еді.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.