Top Rank Жәнібек Әлімханұлының мінсіз соққысын көрсетті
Жәнібек Әлімханұлы мен Стивен Батлер арасындағы жекпе-жек 2023 жылдың 13 мамырында өткен болатын.
Әйгілі Top Rank промоутерлік компаниясы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының канадалық Стивен Батлерге қарсы жекпе-жегіндегі әсерлі сәтті қайта жариялады.
Компания әлеуметтік желіде Әлімханұлының қарсыласын ауыр нокдаунға түсірген апперкотын бөлісіп, қазақстандық боксшының шеберлігіне ерекше назар аударған.
Top Rank Жәнібектің апперкотын ерекше бағалады
Жәнібек Әлімханұлы мен Стивен Батлер арасындағы жекпе-жек 2023 жылдың 13 мамырында өткен болатын. Қазақстандық боксшы кездесуді ұзаққа созбай, екінші раундта нокаутпен жеңіске жетті. Top Rank ресми дерегінде де бұл айқас Әлімханұлының екінші раундтағы жеңісі ретінде көрсетілген.
Жекпе-жек тоқтатылар алдында Жәнібек қарсыласын дәл тиген апперкотпен есеңгіретіп, нокдаунға жіберді.
"Жәнібек Әлімханұлының мінсіз апперкоты", – деп сипаттады Top Rank жариялаған видеоны.
Бұл кездесу Әлімханұлының WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы чемпиондық белбеуін қорғаған айқастарының бірі болды.
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.