ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 23-тур

RAF-тағы дебют: Асу Алмабаев қашан айқасады?

Қарсыласы бұған дейін лигада бірнеше рет өнер көрсетіп үлгерген.

RAF-тағы дебют: Асу Алмабаев қашан айқасады?
Vesti.kz

Қазақстандық UFC файтері Асу Алмабаев Real American Freestyle (RAF) лигасында алғаш рет өнер көрсетеді. Ол 22 тамызда АҚШ-тың Кливленд қаласында өтетін RAF 12 турниріне қатысады.

Асу Алмабаевтың қарсыласы кім?

Алмабаев еркін күрес ережесі бойынша америкалық Джонни ДиДжулиуспен кездеседі. Бұл қазақстандық спортшының RAF ұйымындағы алғашқы белдесуі болады. Ал оның қарсыласы бұған дейін лигада бірнеше рет өнер көрсетіп үлгерген.

ДиДжулиус RAF аясында Конор Бибті жеңіп, Пэт Луго мен Олимпиада чемпионы Владимир Хинчегашвилиге есе жіберді.

Белдесу Қазақстан уақытымен қашан басталады?

RAF 12 турнирі АҚШ-та 22 тамыз күні өтеді. Негізгі бағдарлама Кливленд уақытымен кешкі сағат 20:00-де басталады.

Уақыт айырмашылығына байланысты Асу Алмабаев пен Джонни ДиДжулиус арасындағы белдесу Қазақстан уақытымен 23 тамызға қараған түні, шамамен сағат 05:00-ден кейін басталады. 

Турнир Кливлендтегі Rocket Arena спорт кешенінде ұйымдастырылады.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.