Қазақстандық "классиктер" Әлем чемпионатын бір "алтынмен" аяқтады
67 келіде Қазыбек Қалмағамбетов чемпион атанды.
Словакияның Братислава қаласында грек-рим күресінен U-20 санатындағы әлем чемпионаты аяқталды. Қазақстан құрамасы бұл сында бір медаль жеңіп алды.
Қазақстанға жалғыз "алтынды" Қазыбек Қалмағамбетов әкелді
Ұлттық құраманың жалғыз жүлдесін Қазыбек Қалмағамбетов иеленді. Ол 67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде барлық қарсыласынан басым түсіп, әлем чемпионы атанды.
Осылайша, Қазақстан грек-рим күресінен жастар арасындағы әлем чемпионатын бір алтын медальмен аяқтады.
Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық медаль есебінде жетінші орынға тұрақтады.
- Көш басында Ресей құрамасы тұр. Олардың еншісінде үш алтын, екі күміс және бір қола медаль бар.
- Екінші орынға Әзербайжан жайғасқан. Бұл елдің балуандары бір алтын, бір күміс және үш қола жүлде жеңіп алды.
- Ал Армения мен Өзбекстан құрамалары бір алтын, бір күміс және екі қоладан алып, үшінші орынды бөлісті.
Жарнама
Жарнама