Марсель Еркебұлан Тоқтармен реванш туралы ойын айтты (ВИДЕО)
Қырғызстандық MMA файтері Марсель Нұрланбек уулу Еркебұлан Тоқтармен ықтимал реваншқа қатысты пікір білдірді.
Марсель алғашқы жекпе-жекте қазақстандық файтерді үш раунд бойы толық бақылауда ұстағанын айтты. Сонымен қатар Еркебұланға тікелей үндеу жасап, реванш өткізуге дайын екенін жеткізді.
“Мен тіпті Еркебұланды сезген жоқпын. Үш раунд бойы оны ұрып-соқтым. Еркебұлан, сен жарайсың! Не қаласаң, соны жаса. Егер қаласаң – реванш болады, қаламасаң – болмайды. Менің өз жолым, оның өз жолы бар”, – деді қырғызстандық файтер.
Тоқтар мен Марсельдің алғашқы жекпе-жегі
Еркебұлан Тоқтар мен Марсель Нұрланбек уулуы арасындағы алғашқы ресми жекпе-жек 28 наурызда Ереванда өткен Hype FC 28 турнирінде ұйымдастырылды. Кездесу MMA қолғаптарымен бокс ережесі бойынша өтіп, төрешілердің шешімімен қырғызстандық спортшының жеңісімен аяқталды.
Кейін Еркебұлан Тоқтар реванш өткізуге дайын екенін айтып, жекпе-жекті кез келген ереже бойынша өткізуге келісетінін мәлімдеген болатын.
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.