Жарнама
Жарнама

Аида Тойшыбекова Grand Slam жүлдесіне бір қадам жақындады

Қазақстандық дзюдошы Швейцарияның Лозанна қаласында өтіп жатқан Grand Slam турнирінің жұбаныш белдесуіне жолдама алды.

Аида Тойшыбекова Grand Slam жүлдесіне бір қадам жақындады
фото ашық дереккөзден алынды

Екі қарсыласын жеңді

78 келіден жоғары салмақ дәрежесінде сынға түскен Аида Тойшыбекова жарысты сәтті бастады. Алғашқы белдесуінде анголалық Фернанда Куимбирадан басым түсті. Ал келесі айналымда өзбекстандық дзюдошы Умида Нигматованы жеңіп, ширек финалға өтті.

Тойшыбекова үшінші белдесуінде Франция құрамасының танымал өкілі Романа Дикомен кездесті. Тартысты жекпе-жек франциялық дзюдошының жеңісімен аяқталды. Соған қарамастан қазақстандық арудың Лозаннадағы Grand Slam турнирінен жүлде алу мүмкіндігі сақталды.

Қола медаль жолындағы қарсыласы анықталды

Аида Тойшыбекова жұбаныш белдесуінде венесуэлалық Карен Леонмен күш сынасады. Бұл кездесудегі жеңіс қазақстандық дзюдошыға қола жүлде үшін өтетін шешуші белдесуге жол ашады.

Айта кетейік, Аида Тойшыбекова бұған дейін самбодан жастар арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль иеленген.

Жарнама
Жарнама