Қырғызстандық файтер 19 секундтық нокаутпен UFC президентін таңғалдырды
Қырғызстандық жекпе-жек шебері Акбар Абдуллаев (13-0) Лас-Вегаста өткен Dana White’s Contender Series турнирінде кезекті жеңісіне қол жеткізді.
Абдуллаев бразилиялық Эднилсон Сантоспен (14-7-1) кездесіп, қарсыласын небәрі 19 секундта ауыр нокаутқа жіберді. Осылайша, Акбар Абдуллаев ММА-дегі қатарынан 14-ші мерзімінен бұрын жеңісіне қол жеткізді. Ал Сантос кәсіби мансабындағы сегізінші жеңілісін тіркеді.
Дана Уайтты таң қалдырды
Абдуллаевтың жарқын жеңісінен кейін UFC президенті Дана Уайт оған жоғары баға берді.
"Мен тәуекелге барып, сені осы шоудағы соңғы 10 жылда өнер көрсеткен ең үлкен талант деп айтар едім. Менің ойымша, сен үлкен супержұлдызға айналып, өте қауіпті файтер боласың. Келесі жекпе-жегіңді асыға күтемін. UFC-ге қош келдің!", — деді Дана Уайт.
Сонымен қатар UFC басшысы қырғызстандық спортшыға ұйыммен келісімшарт табыстады.
Акбар Абдуллаев бұған дейін ONE Championship ұйымында өнер көрсетіп, мерзімінен бұрын жеңістерімен көзге түскен. Ал Open FC президенті Александр Гурьянов қырғызстандық файтердің UFC-дегі болашағы туралы бұған дейін пікір білдірген. Оның айтуынша, Абдуллаев жеңіл салмақтағы дивизионда үздіктердің қатарында болуы мүмкін.