ҚПЛ 27-тур
Жарнама
Жарнама
Мейірім Нұрсұлтанов – Хесус Рамос: Айқасты қашан және қайдан көруге болады?
NUR.KZ

Мейірім Нұрсұлтанов – Хесус Рамос: Айқасты қашан және қайдан көруге болады?

Екі боксшы WBC нұсқасы бойынша орта салмақтағы уақытша әлем чемпионы атағы үшін таласады. 

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Мейірім Нұрсұлтанов (20-0, 11 КО) WBC нұсқасы бойынша орта салмақтағы уақытша әлем чемпионы атағы үшін америкалық Хесус Рамоспен (24-1, 19 КО) кездеседі. Жекпе-жек Сан-Диегода (Калифорния, АҚШ) өтеді.

Жекпе-жек қашан басталады?

Нұрсұлтанов – Рамос кездесуі Қазақстан уақытымен 20 қыркүйек, жексенбі күні таңертең өтеді.

Тікелей трансляция сағат 07:00-ден кейін басталады деп күтілуде.

  • Жекпе-жек: Мейірім Нұрсұлтанов – Хесус Рамос
  • Өтетін орны: Сан-Диего, АҚШ
  • Күні: 20 қыркүйек
  • Басталуы: 07:00-ден кейін, Қазақстан уақытымен
  • Трансляция: DAZN

Қос боксшы WBC тұжырымы бойынша орта салмақтағы уақытша әлем чемпионы белбеуі үшін жұдырықтасады.

Нұрсұлтанов үшін бұл кездесу мансабындағы ең маңызды жекпе-жектердің бірі болмақ.

Нұрсұлтанов үш жылға жуық үзілістен кейін оралады

33 жастағы қазақстандық боксшы соңғы рет 2023 жылдың қарашасында рингке шықты. Сол кезде ол чилилік Хулио Аламосты (16-3, 9 КО) төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңді.

Ал Хесус Рамос соңғы рет 2025 жылдың желтоқсанында жұдырықтасты.

Америкалық боксшы отандасы Шейн Мозли-младшийды (23-5, 13 КО) төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңді.

Қазір Рамостың кәсіби рекорды – 24 жеңіс, 1 жеңіліс, 19 нокаут.

Жарнама
Жарнама