ҚПЛ
Жарнама
Жарнама
Қазақстан Азия ойындарында MMA-ден алғашқы медалін жеңіп алды
NUR.KZ

Қазақстан Азия ойындарында MMA-ден алғашқы медалін жеңіп алды

Жартылай финалда Санжар Әділов Тәжікстан өкілі Отабек Раджабовпен кездесті.

Қазақстандық файтер Санжар Әділов Айти мен Нагояда өтіп жатқан 2026 жылғы жазғы Азия ойындарында қола жүлдеге ие болды. Ол MMA жарысында 65 келіге дейінгі traditional санатында Қазақстан намысын қорғады.

Жартылай финалда Санжар Әділов Тәжікстан өкілі Отабек Раджабовпен кездесті. Шешуші айқасқа жолдама үшін өткен жекпе-жекте қазақстандық спортшы қарсыласына есе жіберді.

Осы нәтижеден кейін Әділов жарысты қола медальмен аяқтады.

Қазақстан үшін MMA-дегі алғашқы жүлде

Санжар Әділовтің бұл нәтижесі Қазақстан құрамасының 2026 жылғы Азия ойындарындағы MMA бәсекесінен алған алғашқы медалі болды.

Жарнама
Жарнама