Алуа Балқыбекованың Азиададағы алғашқы қарсыласы анықталды
Отандасымыздың алғашқы айқасы 24 қыркүйек күні өтеді.
Қазақстандық боксшы Алуа Балқыбекова Нагояда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарындағы алғашқы қарсыласын білді.
51 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін қазақстандық боксшы жарысты Үндістан өкілі Сакшиге қарсы жекпе-жекпен бастайды.
Сакши турнирдегі алғашқы айқасында Филиппин өкілі Айра Вильегасты төрешілердің бірауыздан шешімімен (5:0) жеңді.
Жекпе-жек 24 қыркүйекте өтеді
Алуа Балқыбекова – Сакши жекпе-жегі 24 қыркүйекке жоспарланған. Бұл кездесу қазақстандық боксшы үшін Азия ойындарындағы алғашқы айқас болмақ.
Айта кетейік, Әйелдер құрамасы Азия ойындарында бес салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді:
- 51 кг – Алуа Балқыбекова
- 54 кг – Назым Қызайбай
- 60 кг – Виктория Графеева
- 65 кг – Аида Әбікеева
- 75 кг – Наталья Богданова
Жарнама
Жарнама