Жарнама
Жарнама
Қазақстан Азиадада үшінші боксшысынан айырылды
Instagram/@boxingkazakhstan

Қазақстан Азиадада үшінші боксшысынан айырылды

Оразбек Асылқұлов Жапониядағы Азия ойындарының 60 келіге дейінгі салмағында жарысты 1/8 финалда аяқтады.

Ширек финал жолдамасы сарапқа салынды

Оразбек Асылқұлов ширек финалға шығу үшін Оңтүстік Кореядан келген Чан Дон Хванмен қолғап түйістірді. Үш раундтың қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті оңтүстіккореялық боксшыға берді. Бөлінген шешіммен аяқталған кездесудің есебі – 4:1. Нәтижесінде Чан Дон Хван келесі кезеңге өтіп, Асылқұлов медаль үшін таласты тоқтатты.

Қазақстандық боксшы Азиада-2026 додасының басты фавориттерінің бірі саналды. Оразбек Асылқұлов – 2025 жылғы әлем чемпионы және 2026 жылғы Азия чемпионатының алтын жүлдегері.

Бірақ тәжірибелі боксшы Жапониядағы жарыста жүлдеге таласа алмады.

Қазақстан құрамасының үшінші жеңілісі

Қазақстанның ерлер құрамасы Азия ойындарына алты боксшымен келген. Бұған дейін 80 келі салмақтағы Сабыржан Аққалықов та алғашқы кездесуінде жеңіліп, жарыстан шығып қалған еді.

Әйелдер құрамасында 54 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Назым Қызайбай 1/8 финалда қытайлық Сюань Чжаоға жол берді.

Жарнама
Жарнама