Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Назым Қызайбай Азиадамен ерте қоштасты

Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Жапониядағы Азия ойындарынан шығып қалды.

Назым Қызайбай Азиадамен ерте қоштасты
Instagram/@boxingkazakhstan

Төрешілер қытайлық боксшыны жеңімпаз деп таныды

Назым Қызайбай алғашқы кездесуінде қытайлық Сюань Чжаомен қолғап түйістірді. Үш раундқа созылған тартысты жекпе-жектің қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті Аспанасты елінің өкіліне берді.

Бөлінген шешіммен аяқталған кездесудің есебі – 4:1. Осылайша Сюань Чжао ширек финалға жолдама алса, қазақстандық боксшы Азия ойындарындағы өнерін алғашқы айналымнан кейін тоқтатты.

Қазақстан үшін күтпеген нәтиже

Назым Қызайбай Жапониядағы додада жүлдеге негізгі үміткерлердің бірі саналған. Ол – үш дүркін әлем чемпионы әрі 2024 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері.

Тәжірибелі боксшының 1/8 финалда жарыстан шығып қалуы Қазақстан әйелдер құрамасы үшін күтпеген нәтиже болды.

Азиада-2026 аясындағы бокс турнирі 2 қазанға дейін жалғасады. Қазақстанның әйелдер құрамасы бес салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп жатыр. 

Бұл туралы не ойлайсыз?