Сұлтан Зәуірбектің жекпе-жегіне не кедергі болғаны анықталды
Қазақстандық боксшы Сұлтан Зәуірбек пен австралиялық Джексон Ингленд арасындағы IBF титулына міндетті үміткерді анықтайтын жекпе-жек бірнеше рет кейінге шегерілген.
Инглендтің айтуынша, кездесуді ұйымдастыру барысында көптеген қиындық туындаған. Боксшының сөзінше, бастапқыда жекпе-жекті қазан айында Қазақстанда өткізу жоспарланған.
"Бұл жекпе-жекті ұйымдастыру нағыз ұзақ хикаяға айналды. Алдымен оны қазан айында Қазақстанда өткізу жоспарланды. Кейін желтоқсанға ауыстырылды, бірақ бәрі ойдағыдай болмады. Содан кейін жекпе-жек маусымға белгіленді, алайда ол да өтпей қалды. Біз саудада жеңіске жетіп, жекпе-жекті Австралияда өткізуді қамтамасыз еттік. Пертте қолайлы күн табылмағандықтан, кездесуді Серферс-Парадайсқа ауыстырдық. Меніңше, бұл тіпті жақсы болды", — деді Ингленд Top Contender Boxing Network-ке берген сұхбатында.
Жеңімпаз IBF титулына міндетті үміткер атанады
Сұлтан Зәуірбек пен Джексон Ингленд арасындағы жекпе-жектің маңызы зор. Кездесуде жеңіске жеткен боксшы IBF нұсқасы бойынша екінші жеңіл салмақтағы әлем чемпионы титулына міндетті үміткер атанады. Қазіргі уақытта бұл салмақтағы IBF чемпиондық белбеуі мексикалық Эмануэль Наварретеге тиесілі. Оның кәсіби рекорды 40 жеңіс, 2 жеңіліс және 1 тең нәтиже, 33 нокаут.
Жекпе-жек 26 қыркүйекте Австралияның Квинсленд қаласында өтеді.