Азиада-2026: Семсерлесуден Қазақстан қоржынына "қола" түсті
Осы жүлдеден кейін Қазақстанның Азия ойындары-2026 турниріндегі жалпы медаль саны 28-ге жетті.
Семсерлесуден Қазақстанның әйелдер құрамасы Жапонияның Айти мен Нагоясында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында шпага бойынша командалық сында қола медаль иеленді.
Жартылай финалда қазақстандықтар Қытай құрамасымен кездесіп, 21:45 есебімен есе жіберді.
Қазақстан сапында үш спортшы өнер көрсетті
Жартылайфиналдық кездесуде Қазақстан атынан София Николайчук, Дарья Самоделкина және Ирина Бакалдина сынға түсті. Владислава Андреева қосалқы құрамда қалды.
Қытай құрамасы кездесуді өз пайдасына аяқтап, финалға жолдама алды. Ал Қазақстан құрамасы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.
Қазақстан қоржынында 28 медаль бар
Осы жүлдеден кейін Қазақстанның Азия ойындары-2026 турниріндегі жалпы медаль саны 28-ге жетті.
Ел қоржынында:
- 8 алтын;
- 8 күміс;
- 12 қола медаль бар.
2026 жылғы Азия ойындары 4 қазанда аяқталады.