Қазақстандық мерген Азиадада үздік үштікке енді
Ислам Сәтпаев Азия ойындарында 50 метр қашықтықта үш қалыпта мылтық атудан жекелей сында жүлделі болды.
Жапонияның Айти және Нагоя қалаларында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында осы бағдарлама бойынша финалдық жарыс аяқталды. Қазақстандық мерген шешуші сында 348,3 ұпай жинап, қола медаль иеленді.
Жарыстың үздік үштігі төмендегідей:
- Якун Лу (Қытай) - 360,5 ұпай;
- Чанхон Джанг - 360,2 ұпай;
- Ислам Сәтпаев (Қазақстан) - 348,3 ұпай.
Осылайша, мергеніміз Азия ойындарында жүлдегерлер қатарына қосылды. Ислам Сәтпаев бұған дейін бүгін командалық біріншілікте де өнер көрсетіп, бұл бәсекеде құрама бесінші орынға тұрақтаған.
Еске салсақ, Сәтпаев - 2024 жылғы Париж Олимпиадасының қола жүлдегері. Қазақстандық спортшы Олимпиадада 10 метр қашықтықтан пневматикалық мылтықпен аралас жұптық жарыста жүлдеге ие болған.
Бұл туралы не ойлайсыз?