Футбол
Бөлімдер

Қазақстанға тағы бір медаль: Семсершілер жартылай финалда

Ширек финалда Қазақстан құрамасы Гонконг командасын жеңіп, кемінде қола медальды қамтамасыз етті.

Қазақстанға тағы бір медаль: Семсершілер жартылай финалда
olympic.kz

Қазақстанның әйелдер семсерлесу құрамасы Жапонияның Айти мен Нагоясында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында командалық сынның жартылай финалына шықты.

Ширек финалда Қазақстан құрамасы Гонконг командасын жеңіп, кемінде қола медальды қамтамасыз етті.

Қазақстан Гонконгты 45:35 есебімен жеңді

Ширекфиналдық кездесуде Қазақстан сапында София Николайчук, Ирина Бакалдина және Владислава Андреева өнер көрсетті. Дарья Самоделкина қосалқы спортшы ретінде өтінімге енгізілді.

Жекпе-жек қорытындысында қазақстандық семсершілер 45:35 есебімен басым түсіп, жарыстың келесі кезеңіне жолдама алды.

Енді қазақстандық серсемшілер финал жолдамасы үшін күреседі.
 

Бұл туралы не ойлайсыз?