Футбол
Бөлімдер

Асаубаева Қазақстан құрамасына деген көзқарасын бір сөзбен білдірді

Қазақстандық даңқты шахматшы ұлттық құрамадағы әріптестерімен түскен суретін жариялап, командаға деген ықыласын көрсетті. 

Асаубаева Қазақстан құрамасына деген көзқарасын бір сөзбен білдірді
Instagram/@bibisarachess

Командаластарымен сурет жариялады

Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Instagram желісіндегі парақшасына топтық фото жүктеді. Суреттен Бибісара Асаубаевамен бірге Алуа Нұрманды, Елназ Қалиахметті, Меруерт Қамалиденованы және Зарина Нұрғалиеваны көруге болады.

"Команда", — деп жазды Асаубаева суретке Қазақстан туы мен күшті білдіретін эмодзиді қосып.

Командаластарымен сурет жариялады

Осылайша шахматшы ұлттық құрамадағы бірлік пен командалық рухтың маңызын аңғартты.

Қазақстан құрамасы жеңіліссіз келеді

Самарқандта өтіп жатқан Дүниежүзілік шахмат Олимпиадасының сегіз турынан кейін Қазақстан әйелдер құрамасы турнир кестесінде екінші орында тұр.

Ұлттық команда жарысты қатарынан алты жеңіспен бастады. Қазақстандық шахматшылар мына құрамаларды ұтты:

  • Ботсвана;
  • Босния және Герцеговина;
  • Словения;
  • Армения;
  • Германия;
  • Әзербайжан.

Қытай және Үндістанмен тең түсті

Жетінші турда Қазақстан турнир көшбасшыларының бірі Қытаймен ұпай бөлісті. Сегізінші кезеңде отандастарымыз Үндістан құрамасымен де 2:2 есебімен тең ойнады.

Осылайша Қазақстан әйелдер құрамасы сегіз турдан кейін жеңіліс таппаған командалардың қатарында келеді. Шахмат Олимпиадасының аяқталуына үш тур қалды.

Бұл туралы не ойлайсыз?