Нұрбек Оралбай Азия ойындарында қарсыласын тас-талқан етті
Қазақстан құрамасының боксшысы Жапонияның Айти және Нагоя қалаларында өтіп жатқан Азия ойындарындағы алғашқы жекпе-жегін сенімді жеңіспен аяқтады.
Қарсыласын 5:0 есебімен жеңді
90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсіп жатқан қазақстандық боксшы жарысты бірден 1/8 финал кезеңінен бастады. Бұл сында Нұрбек Оралбай ауғанстандық Силаб Нуримен қолғап түйістірді. Үш раунд қорытындысы бойынша төрешілер бірауыздан Оралбайдың басымдығын мойындады – 5:0.
Осылайша қазақ былғары қолғап шебері Азиаданың ширек финалына жолдама алды.
Нұрбек Оралбайдың басты жетістіктері
Нұрбек Оралбай – Қазақстан боксының қазіргі таңдағы жетекші өкілдерінің бірі.
Оның еншісінде:
- Париж Олимпиадасы-2024 – күміс медаль;
- 2023 жылғы әлем чемпионаты – алтын медаль;
- 2022 жылғы Азия чемпионаты – қола медаль.
Ал алғашқы қарсыласы Силаб Нури бұған дейін Ауғанстан чемпионатын бес рет жеңіп алған.
Жарнама
Жарнама