Жарнама
Жарнама
Махмұд Сабырхан камбэк жасап, Азия ойындарының жартылай финалына шықты
Instagram/@boxingkazakhstan

Махмұд Сабырхан камбэк жасап, Азия ойындарының жартылай финалына шықты

Қазақстандық боксшы 2026 жылғы жазғы Азия ойындарында кемінде қола жүлде місе тұтты. 

Шешуші раундта нокдаун тіркелді

Сабырхан 55 келіге дейінгі салмақтың ширек финалында оңтүстіккореялық Шин Джэ Ёнды тартысты жекпе-жекте жеңді. 

Алғашқы раундта төрешілердің төртеуі басымдықты Шин Джэ Ёнға берді. Екінші раундта кореялық боксшы ескерту алды, ал бес төрешінің үшеуі Сабырханды басым деп таныды.

Соңғы раундта Махмұд белсенділігін арттырды. Қарсыласына нокдаун есептеліп, жекпе-жек қорытындысында төрешілердің бөлек шешімімен қазақстандық боксшы жеңіске жетті. Төрешілер жазбасындағы есеп — 27:29, 28:28, 29:27, 29:27, 30:26.

Осы нәтижемен екі дүркін әлем чемпионы Азия ойындарының жартылай финалына өтіп, кемінде қола медальға кепілдік алды.

Сабырханның Азия ойындарындағы жолы

Махмұд Сабырхан алғашқы кездесуінде ирандық Мехди Казмемиді 5:0 есебімен ұтқан еді. Ал Шин Джэ Ён ширек финалға жекпе-жексіз шықты: ирактық Аббас Әл-Саррай денсаулығына байланысты кездесуден бас тартқан.

Жарнама
Жарнама