Наталья Богданова Қазақстан қоржынына тағы бір "қола" түсірді
Жалпы, бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы биылғы Азия ойындарын екі медальмен аяқтады.
Қазақстанның әйелдер бокс құрамасы Жапонияның Айти мен Нагоясында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарындағы өнерін екі жүлдемен аяқтады.
75 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Наталья Богданова жартылайфиналдық кездесуде Үндістан өкілі Ловлина Боргохаинмен кездесіп, 2:3 есебімен жеңілді. Осылайша, отандасымыз қола жүлдеге ие болды.
Бұған дейін 51 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Алуа Балқыбекова да жартылай финалда жұдырықтасып, "қола" алған еді.
Финал жолдамасы үшін өткен жекпе-жекте қазақстандық боксшы Вьетнам өкілі Нгуен Тхи Тамға есе жіберді. Қорытынды есеп - 0:5.
Қазақстан бес салмақта өнер көрсетті
Қазақстан әйелдер құрамасы Азия ойындарына бастапқыда бес салмақ дәрежесінде қатысты.
Айта кетейік, бокстан турнирі 2 қазанда аяқталады. Ал Азия ойындарының жабылу салтанаты 4 қазанда өтеді.