Сабырхан мен Богданованың жеңілістері: Қазақстан төрешілікке қатысты наразылық білдірді
Екі боксшы да жуырда өткен жартылайфиналдық кездесуде қарсыластарына есе жіберіп, қола жүлде иеленген болатын.
Қазақстан бокс федерациясы 2026 жылғы Азия ойындарының жартылай финалдарынан кейін World Boxing ұйымына ресми хат жолдады.
Федерация Наталья Богданова мен Махмұд Сабырханның жеңілістерінен кейін төрешілер шешіміне қатысты наразылығын білдірді.
Богданова 2:3 есебімен жеңілді
75 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Наталья Богданова жартылай финалда Үндістан өкілі Ловлина Боргохаинмен кездесіп, төрешілердің шешімімен жеңіліп қалған болатын.
Жекпе-жек тартысты өткеніне қарамастан, төрешілер жеңісті үндістандық боксшыға берді.
Қазақстан тарапы осы айқастағы төрешілікке қатысты да өз ұстанымын ресми түрде жеткізген.
Сабырхан – Паалам жекпе-жегі де дау тудырды
55 келіге дейінгі салмақта Махмұд Сабырхан Филиппин өкілі Карло Пааламға төрешілер шешімімен есе жіберді.
Төрешілер хаттамасында мынадай есептер тіркелген: 29:27, 27:29, 26:30, 28:28, 29:27.
Бірінші раундты Паалам 4:1, ал екінші раундты Сабырхан 3:2 есебімен алған. Үшінші раундта қазақстандық боксшы алға ұмтылып, бірінші нөмірмен жұмыс істеді, ал Паалам қарсы шабуылға сүйенді.
Айқас барысында төреші филиппиндік боксшыдан ереже бұзғаны үшін бір ұпай шегерді. Соған қарамастан, үш төреші де жеңісті Пааламға берді.
Дәл осы жекпе-жектен кейін Махмұд Сабырхан да төрешілер шешіміне разы болмағанын жеткізген болатын.