Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Төрехан Сабырхан өзбекстандық қарсыласын 5:0 есебімен тізе бүктірді

Қазақстандық боксшы Төрехан Сабырхан Азиада-2026 додасында финалға жолдама алды.

Төрехан Сабырхан өзбекстандық қарсыласын 5:0 есебімен тізе бүктірді
instagram.com/boxingkazakhstan/

Төрешілер бірауыздан Сабырханды таңдады

Төрехан 70 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында өзбекстандық Шавкатжон Болтаевтан айқын басым түсті. Барлық төреші қазақ боксшының басымдығын мойындады.

Осы нәтижеден кейін Төрехан Сабырхан алтын медаль үшін күресті жалғастырады. Ал Шавкатжон Болтаев жарысты қола жүлдемен аяқтады.

Сабырхан бұған дейінгі кездесуінде Ирак боксшысы Али Касим Хамдан Аль-Саррайды бірінші раундта нокаутқа түсіріп, жартылай финалға өткен еді. Болтаев ширек финалда қытайлық Ли Гуофэнді 5:0 есебімен жеңген болатын.

Махмұд Сабырхан қола жүлде алды

Бүгін Төреханның ағасы Махмұд Сабырхан да жартылай финалда жұдырықтасты. Бірақ 55 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен қазақстандық боксшы филиппиндік Карло Пааламға есе жіберіп, қола медаль иеленді.

Жапонияның Айти және Нагоя өңірлерінде өтіп жатқан Азиада-2026 аясындағы бокстан финалдық жекпе-жектер 2 қазанда өтеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?