Жарнама
Жарнама
Қырғыз әлем чемпионы Астанаға келмейді
instagram/@unitedworldwrestling

Қырғыз әлем чемпионы Астанаға келмейді

Грек-рим күресінен екі дүркін әлем чемпионы Жоламан Шаршенбеков Астанадағы әлем біріншілігіне келмейтінін мәлімдеді.

Әлем чемпионатын неге өткізіп алады?

Жоламан Шаршенбеков бұл шешімін Жапониядағы Азия ойындарынан кейін Бішкекке оралған кезде айтты. Ол Азиадада алтын медаль жеңіп алған.

Sport АКИpress-ке берген сұхбатында балуан бапкерлерімен бірге 2027 жылы АҚШ-та өтетін лицензиялық әлем чемпионатына басымдық беруді жөн көргенін жеткізді. Қырғызстандық балуан сол жарысқа тыңғылықты дайындалып, сәтті өнер көрсетуді көздейді.

Астанаға келмейді

Шаршенбеков грек-рим күресінен 2022 және 2023 жылдары әлем чемпионы атанған. Сонымен қатар оның еншісінде Париж Олимпиадасының қола жүлдесі бар.

Ал осы салмақтағы қазіргі әлем чемпионы — қазақстандық Айдос Сұлтанғали.
Күрес түрлерінен 2026 жылғы әлем чемпионаты 24 қазан мен 1 қараша аралығында Астанада өтеді.

Жарнама
Жарнама