Айдос Сұлтанғали Астанадағы әлем чемпионатына қатысатынын растады
Әлем чемпионы грек-рим күресінен 60 келіге дейінгі салмақта белдесетінін мәлімдеді.
UWW тізімінде басқа балуан көрсетілген
Бұған дейін Біріккен күрес әлемінің (UWW) ресми сайтында Астанадағы әлем чемпионатына қатысушылар тізімі жарияланған. Онда грек-рим күресінен 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Қазақстан өкілі ретінде Ербол Қамалиевтің есімі жазылған еді.
Дегенмен Sportbugin.kz мәліметінше, Айдос Сұлтанғали елордадағы әлемдік додаға өзі қатысатынын растаған. Ол Қазақстан намысын осы салмақ дәрежесінде қорғамақ.
Әлем чемпионаты қашан өтеді?
Күрестен әлем чемпионаты 2026 жылғы 24 қазан мен 1 қараша аралығында "Барыс Аренада" өтеді. Жарысқа 135 мемлекет тіркелген. Турнирде шамамен 1000 балуан өнер көрсетеді деп күтіледі.
Әлемдік додада еркін күрес, грек-рим күресі және әйелдер күресі бойынша жүлделер ойнатылады. Қатысушылар жалпы 30 салмақ дәрежесінде медаль үшін таласады.