Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

"Пайдасынан гөрі зияны көп": Федерация өкілі Сәрсекбаевты сынға алды

Қазақстан бокс федерациясының өкілі Мырза Еркінбек жастар құрамасының аға жаттықтырушысы Бақыт Сәрсекбаев туралы өткір пікір білдірді.

"Пайдасынан гөрі зияны көп": Федерация өкілі Сәрсекбаевты сынға алды
instagram.com/b.sarsekbayev/

Әлеуметтік желідегі пікірталас неден басталды?

Sportbugin.kz мәліметінше, Азия ойындарындағы жеңістен кейін Мырза Еркінбек жарияланымында Бақыт Сәрсекбаев пен Айдар Шәрібаевты белгілеп, сын айтушыларға қарата "Сыншылар, қайдасыңдар? Ал, сайраңдар" деген мағынадағы пікір қалдырған.

Желі қолданушыларының бірі бұл сөзге наразылық білдірген. Ол Сәрсекбаевтың жастар құрамасын жаттықтыратынын, ал екі тараптың да бір федерацияда жұмыс істейтінін еске салып, өзара құрмет пен бірлік мәселесін көтерген.

Мырза Еркінбек не айтты?

Қолданушыға жауап берген федерация өкілі Сәрсекбаевқа қатысты мынадай мәлімдеме жасаған:

"Бұл адамды жастар құрамасының жаттықтырушысы етіп біз тағайындаған жоқпыз. Оның пайдасынан зияны көп. Сіздер оның немен айналысып жүргенін білмейсіздер. Мен барлық шындықты білемін, жақында оны бәріңіз естисіздер".

Дегенмен келтірілген жазбада Еркінбек бұл айыптауларын нақты қандай деректермен байланыстырып отырғанын түсіндірмеген.

Оқырмандар сынға алды

Порталдың жазуынша, бірқатар оқырман Мырза Еркінбектің пікірін әдепке сай емес деп бағалаған. Ақпарат жарияланған сәтте ол мәлімдемесіне қатысты қосымша түсініктеме бермеген.

Бақыт Сәрсекбаев – 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының чемпионы, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері. 2026 жылы 10 қаңтарда Қазақстанның U-19 жастар құрамасының аға жаттықтырушысы болып тағайындалған.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Клуб беті: Қазақстан U21