Жарнама
Жарнама
Мұхаммед Әлидің немересі жеңіліп көрмеген боксшыға есе жіберді
instagram/@nicoaliwalsh

Мұхаммед Әлидің немересі жеңіліп көрмеген боксшыға есе жіберді

Аты аңызға айналған Мұхаммед Әлидің немересі Нико Али Уолш кәсіпқой рингте үшінші рет жеңілді.

Сегіз раундқа созылған кездесу

АҚШ-тың Канзас-Сити қаласында ұйымдастырылған жекпе-жекте орта салмақтағы екі америкалық боксшы қолғап түйістірді. Кездесу алдында Али Уолштың еншісінде 12 жеңіс, екі жеңіліс және бір тең нәтиже болған. Оның бес жеңісі нокаутпен аяқталған.

Ал қарсыласы Тревон Крейкрафт тоғыз рет жеңіске жетіп, бір кездесуін тең аяқтаған. Ол үш қарсыласын нокаутқа түсірген.

Сегіз раундқа жоспарланған айқас толық қашықтыққа созылды. Төрешілердің барлығы жеңісті Крейкрафтқа берді.

Крейкрафт жеңіліссіз сериясын жалғастырды

Осы нәтижеден кейін Тревон Крейкрафт кәсіпқой мансабындағы оныншы жеңісін тіркеді. Ол әзірге бірде-бір қарсыласына есе жіберген жоқ.

Нико Али Уолш үшін бұл кәсіпқой бокстағы үшінші жеңіліс болды. Оның көрсеткіші — 12 жеңіс, үш жеңіліс және бір тең нәтиже.

Жарнама
Жарнама