Жарнама
Жарнама
Назым Қызайбайға әлемге әйгілі Олимпиада чемпионы көмектесіп жатыр
instagram/@busenazsurmeneli

Назым Қызайбайға әлемге әйгілі Олимпиада чемпионы көмектесіп жатыр

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны Назым Қызайбай 2026 жылғы ел чемпионатына қызу дайындалып жатыр.

Әлемге әйгілі боксшы көмектесуде

Қазақстандық боксшы әлеуметтік желідегі парақшасында кезекті жаттығуынан бейнежазба жариялады. Видеодан оның жақын құрбысы, Токио Олимпиадасының чемпионы Бусеназ Сүрменеліні де көруге болады.

Белгілі түркиялық боксшы Қазақстанға демалуға келгенімен, қазір Қызайбайдың чемпионатқа дайындығына атсалысып жүр.

"Демалуға келген еді, енді бізге көмектесіп жүр", – деп жазды Назым Қызайбай Instagram парақшасында.

Әлемге әйгілі боксшы көмектесуде

Азия ойындарындағы сәтсіздіктен кейінгі маңызды сын

Үш дүркін әлем чемпионы әрі Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Назым Қызайбай 2026 жылы Жапонияда өткен Азия ойындарында күтпеген жеңіліске ұшыраған.

Қазақстандық боксшы өзі үшін жаңа саналатын 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынады. Бірақ 1/8 финалда қытайлық Чжао Сюаньға төрешілердің бөлек шешімімен 1:4 есебімен есе жіберіп, жарысты ерте аяқтады.

Енді тәжірибелі боксшының алдында маңызды міндет тұр. Қазан айының соңында басталатын Қазақстан чемпионатында табысты өнер көрсетіп, ұлттық құрамадағы орнын сақтап қалуға күш салуы қажет.

Бусеназ Сүрменелі қандай жетістіктерге жеткен?

Назым Қызайбайға көмектесіп жүрген Бусеназ Сүрменелі – әлемдік әйелдер боксының ең танымал өкілдерінің бірі.

Түркиялық боксшы 2026 жылы Софияда өткен Еуропа чемпионатында жеңіске жетіп, құрлықтың ең титулды белсенді боксшыларының бірі ретіндегі мәртебесін нығайтты.

Бусеназ Сүрменелінің басты жетістіктері:

  • 2020 жылғы Токио Олимпиадасының чемпионы;
  • Үш дүркін әлем чемпионы (2019, 2022, 2025);
  • 2023 жылғы Еуропа ойындарының жеңімпазы;
  • Екі дүркін Еуропа чемпионы (2024, 2026).
Жарнама
Жарнама