UFC президенті Дана Уайт Шавкат Рахмоновтың октагонға қашан оралатынын айтып, ММА жанкүйерлерін қуантты.
Промоушн басшының сөзіне сенсек, жартылай орта салмақ дәрежесі бойынша әлемдік рейтингте үшінші орында тұрған қазақстандық файтердің келесі жекпе-жегі жақын арада өтеді. Жекпе-жек жайлы толық ақпарат 14 қыркүйекте Лас-Вегаста өтетін UFC кешінен кейін жарияланбақ.
«Шавкат жайлы жаңалық бар ма дейсіздер ме? Ол көп ұзамай жұдырықтасады. UFC Noche аяқталмайынша, бұдан басқа ештеңе айтпаймын», - деді Дана Уайт.
Айта кетейік, Шавкат Рахмонов UFC шеңберіндегі соңғы жекпе-жегін былтыр желтоқсанда өткізді. Сол кезде Стивен Томпсонды тұншықтыру әдісімен жеңген болатын.