Жәнібек Әлімханұлының келесі жекпе-жегі қашан өтеніні белгілі болды
Отандасымыз бұл кездесуде өзінің белбеулерін сарапқа салады
WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының(15-0, 10 КО) шаршы алаңға қашан шығатыны белгілі болды.
Worldboxingnews ақпаратына сәйкес, отандасымыз 19 қазан күні Орландо қаласында жекпе-жек өткізеді. Қарсыласы жаңазеландиялық Андрей Михайлович (21-0, 13 КО) болады. Кездесуде қазақстандықтың екі белбеуін сарапқа салады.
Қазір қазақ боксшысы кездесуге қызу дайындық үстінде. Бұл жөнінде Әлімханұлы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында мәлім етті.
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.