ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 21-тур

Загребтегі Гран-При турнирінде 4 дзюдошымыз ел намысын қорғайды

Әлемнің 40 елінен 319 спортшы қатысатын дода бүгін басталады

Загребтегі Гран-При турнирінде 4 дзюдошымыз ел намысын қорғайды
fergana.news

Байрақты бәсекені бірінші болып 60 келі салмақта өнер көрсететін Шерзод Давлатов бастайды. Ол израилдік Ариель Шульманмен белдеседі. Ал 66 келіге дейінгі санатта сынға түсетін Жанарыс Рахметқали екінші айналымда Хорватия-Испания балуандары жұбының жеңімпазымен кездеседі. 

Ал әйелдер арасында ел намысын 48 келіде Ғалия Тынбаева қорғайды. Алғашқы белдесуде ол Джулия Гильонемен күш сынасады. +78 келіде Ақерке Рамазанова болса, турнир қожайыны Марчелина Враньешке қарсы кездесу өткізеді. 


 

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.