Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

UFC файтері допинг үшін дисквалификацияға ұшырады

Сарапшы, спорт журналисі
07.03.2025, 09:36

Бразилиялық аралас жекпе-жек шебері Маркос Рожерио де Лима UFC-дің антидопингтік ережелерін бұзғаны үшін жарыстардан шеттетілді. 

mma.express
Реклама
Реклама

2025 жылдың 13 қаңтарында алынған допинг сынамасы Лиманың ағзасында тыйым салынған анастрозол затын анықтады. Бұл зат UFC-дің ресми тыйым салынған препараттар тізіміне енгізілген.

Спортшы медициналық құжаттарын ұсынғанымен, қабылдаған дәрі-дәрмегінде анастрозол барын тексермеген және бұл туралы UFC-ге ескертпеген.

Бұл – Лима үшін екінші допинг дауы

2017 жылы да оның допинг сынамасынан дәл осы анастрозол табылған болатын.

Антидопинг ережелеріне сәйкес, екінші рет ереже бұзған спортшының дисквалификация мерзімі екі еселенеді.

Осылайша, Маркос Рожерио де Лима 2026 жылдың 24 қаңтарына дейін жарыстардан шеттетілді.

Лиманың карьерасындағы көрсеткіштер

  • 22 жеңіс
  • 9 жеңіліс
  • 1 тең нәтиже
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары