Жәнібек Әлімханұлының нокауты жанкүйерлерді тәнті етті (ВИДЕО)
Top Rank Boxing чемпионның рингке оралу күнін еске салды.
NUR.KZ
IBF және WBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлының келесі жекпе-жегі 5 сәуірде Астанада өтеді.
Top Rank жанкүйерлерге Әлімханұлының соңғы жекпе-жегіндегі әсерлі сәтті еске салды. Өткен кездесуде қазақстандық боксшы жаңа зеландиялық Андрей Михайловичті 9-раундта нокаутқа түсіріп, титулын сәтті қорғаған болатын.
Әлімханұлы – Нгамиссенге жекпе-жегі ESPN+ арнасында көрсетіледі
Top Rank әлеуметтік желідегі жазбасында:
"Қызықты шоу күтіп тұр. "Қазақ стилі" өзінің соңғы титулдық қорғанысында ерекше әсер қалдырды. Жәнібек – Нгамиссенге. 5 сәуірде ESPN+ арнасында", – деп жариялады.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet