Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Астанадағы көшелер тағы да су астында қалды (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
18.05.2025, 17:13

Астанада нөсер жаңбырдан кейін бірнеше көшені су басты. Әлеуметтік желі қолданушылары қаланың түрлі бөліктерінен видео мен суреттер жариялап, болған жағдайға қатысты пікір білдіріп жатыр. 

фото ашық дереккөздерден алынды
фото ашық дереккөздерден алынды

Көше жолдары “шағын Венецияға” айналды 

Instagram желісіндегі Astana_sergek парақшасында жарияланған видеода көліктердің тізеден келетін судан баяу өтіп жатқан сәті бейнеленген. Бұл жағдай жүргізушілерге қиындық туғызған.

“Астанада жаңбыр жауса болды — қала суға кетеді” — деп жазылған бейнежазбаның сипаттамасында.

Белгілі қазақстандық блогер Денис Денски де Instagram парақшасында жаңбырдан кейінгі жағдайға қатысты пост жариялады:

“Бәрі бұрынғыдай. Таңғалатын түгі жоқ... Астанадағы көшелер тағы да суға кетті. Тұрғындар видеоны жариялап жатыр. “Хан Шатыр” маңындағы жерасты өткеліндегі су тізеге дейін жатады. Коммуналдық қызмет өкілдері көшеден суды сорып жатыр”, — деп жазды ол.

Қоғам реакциясы: әзіл аралас наразылық

Желі қолданушылары бұл жағдайға еті үйренгенін ашық айтып жатыр:

  • “Таңғалмаймыз да енді”
  • “Тұрақты жағдай”
  • “Жыл сайынғы Венеция”
  • “Өткен жолы дәл осы шалшықта көлігімнің поддоны жыртылды”

деген пікірлер жазылған. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 1
👎 0
😂 1
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір